Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жәнібек аудандық соты тұрғын үйге заңсыз кiрумен жасалған ұрлық фактісі бойынша қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Қылмыстық іс материалдарына сай 2017 жылдың қыркүйек айында сотталушы көршісінің үйде жоқтығын пайдаланып, оның үйіне заңсыз кiріп, 6000  теңге көлемінде ақша қаражатын ұрлаған.

Сот отырысы барысында сотталушы мен жәбірленуші сотқа кәсіпқой емес медиаторға жүгініп, ол арқылы бітімге келіп, сотталушы жәбірленушіге материалдық залалды өндіріп, дауды медиация процедурасын өткізу туралы келісім ұсынды.

ҚР «Медиация туралы» Заңының 27-бабының 7-бөлігінде, дауды Медиация туралы Заңына сәйкес реттеу туралы келісім, дереу іс жүргізілуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберілетіні және ол ҚР ҚПК-де көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән жай болып табылатыны көзделген.

Ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Соттың қаулысымен сотталушы ҚР ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігіне сай жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.