Қылмыстық-құқықтық тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Батыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мирамбека Нағашыбаевтың басшылығымен қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьяларға арналған семинар өтті.

Алқа төрағасының  айтуынша шараның мақсаты- қылмыстық істерді қараудың сот практикасын зерделеу, неғұрлым жиі жіберілетін қателіктерді анықтау, ҚР қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдану және ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары бойынша өзекті мәселелерді шешу, қылмыстық заңнаманы біркелкі қолдануды қалыптастыру.

Семинар барысында сот отырысы хаттамаларының талдау нәтижелерінің сот актісіне сәйкестігін, облыс соттарының 2017 жылдың 3 айында үкімдердің орындалу тәртібімен материалдарды қарау, істер прокурорға қайтару, сондай-ақ қылмыстық істерді кассациялық қарау нәтижелерін талқыланды.

Облыстық соттың судьясы Гүлнар Миниус облыстың тергеу судьяларының өкілеттіктері бойынша барлық бағыттағы  2016 жылғы және 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыстарына талдау жасады. Спикердің айтуынша тергеу судьялары, кейбір жағдайларды қоспағанда, олардың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңнаманы дұрыс қолданады. Сонымен қатар, материалдарды қарау және заңдарды дұрыс біркелкі қолдану кезінде одан әрі бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, тергеу судьяларына өтінішті тереңірек зерттеуге және республика бойынша сот практикасына талдау жасауға ұсыныс берілді. Талдауда көрсетілген қателер бойынша тергеу судьяларының рефераттары тыңдалды.

Бұдан басқа, облыс судьяларының 2017 жылдың 4 айында жіберген, апелляциялық сатыда күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің талдауы зерделенді.

Сот актілерінің күші жойылуына және өзгеруіне ең көп жол берген судьяларға, орын алған мәселелер бойынша практикалық сабақтар өткізу ұсынылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар