Қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөкей ордасы аудандық сотымен бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы қасақана жою фактісі бойынша үкім жарияланды.

Іс материалдар бойынша сотталушы бөтеннің мүлкін өрт қою арқылы жою мақсатында, Сайқын ауылында орналасқан үйдің гаражына өрт қойып, гараждың ішінде болған автокөлігін өртеп, жәбірленушіге 608 588 теңге мөлшерінде залал келтірілген..

Қылмыстық іс бойынша Бөкей ордасы ауданы прокуроры мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалған.

Сот жасалған келісім нысанында сотталушыны ҚР ҚК-нің 202 бабы 2 бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі