Күдікті қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов аудандық №2 сотының қаулысымен Дарьинск ауылының 49 жастағы тұрғыны өлімге қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды.

Қылмыстық тергеу органдарының мәліметі бойынша күдікті 2014 жылғы 2 қаңтар ауыл көшесімен кетіп бара жатқан кезде артынан  бейтаныс адам қуып жетіп, соққыға жыққан. Шамасы өзінің таныстарының көлігіне ұрлық жасады деп ойласа керек. Өзін нақақтан соққыға жыққанға ашынған жан қалтасынан пышағын суырып алып, бейтаныс адамның  кеуде тұсына  бірнеше рет сұққан. Алған жарақаттан бейтаныс адам сол жерде қаза тапқан. Ал, айыпталушы  оқиға орнынан бой тасалап отырған.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96 бабының бірінші бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Алайда, айыпталушы ретінде іске қатысты  адамның болмауына байланысты қылмыстық іс   тоқтатылған.

Содан, 9 сәуір күні қылмыстық іс қайта қозғалып, сол күні күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 132 бабымен Приурал уақытша ұстау изоляторына қамалған.

11 сәуірде күдікті ҚР ҚК 96 бабының 1 бөлігімен айыпталды. Сол күні тергеу органдары қамауға алуға санкция беру туралы өтінішпен сотқа жүгінген.  Сот тергеушінің өтінішін қанағаттандырып, айыпталушыны екі айға қамауға алуға рұқсат берді.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі