ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «дөңгелек үстел»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық сотында жергілікті атқарушы органдарының, құқық қорғау органдарының, БАҚ өкілдерінің және аудандық соттың судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуларымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «дөңгелек үстел» оздырылды.

Шараны аудандық соттың төрағасы Р.Хайырбеков ашып, өз баяндамасынжа «Тәуелсіздіктің әр жылы – жаңа Қазақстан тарихындағы біртұтас дәуір. Бұл мереке – бүкіл әлем қолдап, мойындаған бүгінгі қазақстандық жол. Қазақстанның жеткен жетістіктері – Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орасан зор еңбегі»,- деп атап көрсетті. Бұдан басқа, өткен 25 жыл аралығында сот жүйесінің қол жеткізген жетістіктері, «100 нақты қадам» бойынша атқарылған жұмыстарды атап, «Төрелік» бағдарламасының жұмысы  туралы мағлұмат берді.

Іс-шара барысында қатысушылар дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауаптар берді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі