ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бөкей Ордасы ауданына іс-сапармен келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов Бөкей ордасы ауданына жұмыс сапарымен келді.

Аудан әкімдігі ғимаратында өткізілен кездесуге судья Марат Шингалиев профессор Тұяқбай Рысбеков, БҚО мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айдар Батырханов, мемлекеттік мекемелер мен жергілікті ұйымдар қатысты.

Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын тұрғындар арасында насихаттау.

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары Елбасы Жолдауы мен мақаласында көрсетілген басым бағыттарды аудан тұрғындарына түсіндіріп, сұрақтарына тұшымды жауаптар берді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі