Көлік басқару құқығы жоқ масаң жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырым аудандық соты  көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйінде көлік басқарған азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Медициналық куәландыру қорытындысына сай  құқықбұзушыда «жеңіл дәрежедегі» алкогольдік масаю анықталған.

БҚО ІІД ӘПБ анықтамасына сәйкес, аталмыш азамат көлік құралын басқару құқығын беретін куәлік алмаған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 6 бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі