Әкімшілік-құқықтық тақырыбындағы семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында  12 желтоқсан күні қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының қатысуымен әкімшілік-құқықтық тақырыбында семинар өтті.

Семинарды алғы сөзбен облыстық соттың судьясы Х.Аманқұлов ашты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 07.11.2014ж. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын түсіндіру талқыланды. Осы тақырыппен облыстық соттың судьясыв В.Булавцева баяндама жасады.

Сонымен бірге, жаңа ӘҚБтК тараулары мен бөлімдері талқыланды және түсіндірілді. Сонымен қатар, ҚР ЖС азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының қаулылары талқыланды.

Жиналғандарға қылмыстар жиынтығы бойынша жазаны тағайындау және саралау мәселелері түсіндірілді.

Семинар қорытындысы бойынша келелі мәселелер талқыланып, ұйғарымдар ұсынылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі