Кеңейтілген жалпы отырыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы 17 қаңтарда сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облыстық сотында облыс соттарының 2013 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген жалпы отырысы болады.    

     Жалпы отырыс жұмысына облыстық соттың алқа төрағалары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, облыстық сот кеңсесінің басшысы, облыстық сот кеңсесінің бөлім бастықтары, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері және БАҚ өкілдері қатысады.

   Сонымен қатар, кеңейтілген отырысқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының судьясы Дәулен Дәулетұлы Нұралин қатысады деп жоспарлануда.

            Отырыста азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2013 жылда сот төрелігін атқарудың сапасы жөнінде алқа төрағасы Б.А.Бегалиев баяндайды.

   Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының есептік мерзімдегі жұмысы туралы алқа төрағасы М.И.Нағашыбаев баяндап береді.

     Кассациялық сот алқасының 2013 жылдағы сот төрелігін атқарудың жай –күйі жөнінде облыстық соттың төрағасы Қ.Ж.Нұрышев сөз алады.

    Сонымен қатар, Судьялар әдебі жөніндегі комиссияның жұмысы және судьялардың іс-әрекетіне қатысты түскен арыз, шағымдарды қарау жағдайы жөнінде Х.Х.Аманқұлов есеп береді.

     Отырыс барысында сонымен қатар, аудандық және оған теңестірілген сот төрғаларының жұмыс жөнінде есептері тыңдалады.

    Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің 2013 жылда атқарған жұмысы жөнінде кеңсе басшысы А.Е.Айтпай баяндама жасайды.

   Сонымен қатар, кеңейтілген отырыста Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының судьясы Дәулен Дәулетұлы Нұралин сөз сөйлейді деп күтілуде.