Казталов ауданында соттарда жаңа электрондық технологияларды қолданудың артықшылықтары мен мүкіндіктері түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Казталов ауданының №2 сотында «Соттарда жаңа электрондық технологияларды қолдану» тақырыбында семинар өтті.

Шараға үкіметтік емес ұйымдардың «Ардагерлер кеңесі», "Аналар кеңесі» ҚҰ-ның өкілдері, мемлекеттік органдардың және коммуналдық қызметінің басшылары  қатысты.

Сот төрағасы А.Ж.Бурамбаев өз сөзінде сот ісін жүргізуде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылып жатқанын атап өтті. Соңғы үш жылдан бері «Сот кабинеті» сервисі жұмыс істеп келеді. «Бұл жаңа қызмет түрі мүдделі тараптардың істердің қаралуы бойынша процессуалдық мерзімдерді қарап отыруына, мемлекеттік баж төлемдерін онлайн режимінде төлеуге, сот құжаттарын, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылап отыра алады», - деп атап өтті төраға.

«Сот кабинеті» электронды сервисінің маңызы жайында бас маман- аға сот приставы С.Ануаров баяндап, аталған қызмет арқылы сотқа құжат өткізу үшін алдымен электронды-сандық қолтаңбаның болуы, «Гибридтік пошта» арқылы сот хабарламаларын жолдау мүмкіндіктері, процеске қатысушыларға СМС хабарламаларды жолдау, дыбыс-бейне тіркеу жүйесін пайдалану және «Сот кабинеті» ақпараттық қызметі туралы түсініктеме берді.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар қазіргі замаңғы ақпараттық технологияларды пайдалану соттардың қызметіне қолжетімділікті, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етудің жолы болып табылатынын атап өтті.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар