Казталов аудандық №2 сотының төрағасы А.Бурамбаев аудан тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов ауданының №2 сотының төрағасы Азамат Бурамбаев «Ашық есік күні» шарасын өткізу барысында түрлі әлеуметтік мәселелермен жүгінген жергілікті тұрғындарды қабылдады.

Мәселен, ауыл тұрғыны азамат Н.Айтжанов жүргізу куәлігінің тоқтатылу мәселесі жайында түсінік беруді сұрады.

Азаматша Б.Темирханова  жұмыс жасайтын мекемесінің басшылығының әрекеттеріне шағымданып, себепсіз өз еркімен жұмыстан шығуды талап етіп отырғанын айтып, еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіріп беуді сұрады.

 Сот төрағасы аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында, жүгінген тұлғаларға қолданыстағы заң шеңберінде  тиісті түсінімдер берді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі