Қазақстанда қылмыстық саясатты ізгілендіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шыңғырлау аудандық сотында «Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық бағыттарының бірі ретінде 2020 жылға дейін қылмыстық саясатты ізгілендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс –шараға аудандық соттың төрағасы м.а. Асель Маженова,аудан прокуратурасының аға прокуроры Асет Салимов, Шыңғырлау АІІБ тергеу бөлімінің басшысы м.а. Арман Ескалиев, Шыңғырлау аудандық пробация қызметінің басшысы Нұрлыбек Сапаргалиев, Шыңғырлау АІІБ миграциялық полициясының аға инспекторы Тимур Габдуллиев, «Шынгырлау» шекара бақылау бөлімі басшысының уақытша міндетін атқрушы Сұңғат Аманбеков, БҚО «Мүгедектер ерікті қоғамы» ҚБ Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасы Тилекши Кереев, Шыңғырлау ауданының «Әйелдер кеңесі» ұйымының басшысы Айсұлу Арыстанова, жергілікті  «Серпін» газінің өкілі қатысты.           

Шараны өткізудің басты мақсаты қылмыстық процессте гуманизацияны қолдану саласын кеңейтуді ізгілендіру.                                            

Аудандық соттың төрағасы м.а. Асель Маженова өз баяндамасында, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ізгілендіру құралдары мүлдем жаңа жағынан пайда болуы, медиация институты, процессуалдық келісім нысанындағы кінәлі деп тану немесе ынтымақтастық туралы келісімнің қазіргі заманғы халықаралық құқықтың соңғы трендтері ескере отырып құрылады. Іс тәжірибесінде жиі қолданылатын жәбірленушімен татуласуына байланысты, ҚР ҚК-нің 68 бабының тәртібімен қылмыстық жауапкершіліктен босатуымен шектеледі дей келе, осы жаңа заңнамалар түрмедегілердің санының азаюына әкеліп, криминогендік жағдайлар бірқалыпты қалыптаса бастағаны туралы сөз қозғады.

Аға прокурор Асет Салимов өз кезегінде, ауданда ізгілендірумен байланысты бұрын сотталғандардың қатысуымен ұрлық, тонау, мен бұзақылық фактілері қылмыстық заңнамадағы гуманизацияның қолданылуымен көбейіп кеткендігінен, азаматтардың тарапынан наразылығын туғызғандығын атап өтті.

Шыңғырлау аудандық пробация қызметінің басшысы Нұрлыбек Сапаргалиев,  туындаған проблемалар бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы шешу қажет екендігін, сотталғандар пробация қызметінде есепте тұрса да, түзелуге, еңбек етуге, жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеуге еш әрекет жасамайды, ал  пробация қызметі бұған әсер ете алмайтындығын да айтып өтті.

Қатысушылар шараны қорытындылай келе, барлығы бір ауыздан бір мәмілеге келіп, аталған заң бұзушылықтар бойынша, егер қылмыстық кодекстегі заң бұзушылықтарды өрескел бұзған кінәлілерді жауапкершіліктен босатпау жөнінде ұсыныстарды енгізу керектігін айтты.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі