Қайыр сұрағаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудынының №2 сотымен Жалпақтал ауылының тұрғыны аз. Б.Ергалиевке қатысты ҚР ӘҚБтК 449-бабының 2-бөлігімен (Қоғамдық орындарда тиісу) әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес,  құқық бұзушы  ағымдағы жылы ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы 1 бөлігімен, яғни қоғамдық орында адамдарға тиісу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан,  тағы да әкімшілік құқықбұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, әкімшілік хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот қаулысымен құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 3  тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақапараттық қамтамасыз ету бөлімі