Қарыз өтелуі қажет

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық соты 404 000 теңгені өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотпен анықталғандай,  талапкер жауапкерге 2015 жылдың қараша айында 400 000 теңге қарызға ақша берген, бірақ осы күнге дейін жауапкер алған қарызын қайтармаған, сол себептен жауапкерден 400 000 теңге мен мемлекеттік баж үшін төлеген 4000 теңгені өндіріп беруді сұраған.

Сотта жауапкер талапты толығымен мойындады.

АПК-нің 172-бабының 7-бөлігі бойынша сот талап қоюды осы Кодекстің 171-бабында белгіленген тәртіппен мойындауды қабылдаған жағдайда судья іс бойынша мән-жайларды зерттеместен, талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім қабылдайды.

Соттың шешімімен талапкердің жауапкерден берешекті өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Соттың шешімі заңды күшіне еңген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі