Еңбек өтілі анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық сотында еңбек өтілін анықтау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істің мәні бойынша, арыз беруші 1975-2006 жылдары аралығында Казталов ауданы К.Маркс атындағы колхозда әр түрлі жұмыстарда істеген. 1995 жылы аталған колхоздың кеңсесі өртеніп, құжаттары толығымен жанып кетуіне байланысты, еңбек өтілін растауға өзге мүмкіншілік болмағандықтан, аталған жылдардағы еңбек өтілін анықтауды сұрап сотқа  жүгінген.

ҚР АПК-нің 305-бабының 3-бөлігінің талабына сәйкес, егер ҚР Заңнамасында басқа заңдық маңызы бар фактілерді анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, оларды сот анықтайды.

Сот, арыз беруші ұсынған дәлелдемелерді, куәлердің көрсетулерін негізге алып, арыз берушінің талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

 

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі