Экономикалық сотының судьялары «Медиация туралы» Заңын қолдануды және бітімгершілік рәсімдері саласын кеңейтуді қолға алуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің ең өзекті жаңашылдығының бірі, дауларды шешудің бітімгершілік рәсімдерін және баламалы түрлерін қолдануды кеңейту болып табылады. Тараптар олар бойынша дауды медиациялық келісім, сондай-ақ партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасау арқылы аяқтай алады.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында медиация тәртібімен бітімгершілік рәсімдерін жүргізу арқылы даулы қарым-қатынастарды реттеу бойынша 2017 жылдың 5 айында 91 азаматтық іс өндіріспен қысқартылды. Оның ішінде бітімгершілік келісімін жасауға байланысты 50 іс, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен 20 іс, сот медиациясы тәртібімен 21 іс қысқартылды.

 Сонымен қатар, БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот медиациясы тәртібімен бітімгершілік рәсімдерді жүргізу үшін "медиация кабинеті" ашылды.  

Сот тұрғындар арасында алдын алу тетігі ретінде медиация институтын дамытуға, қақтығыстар мен дауларды шешуде соттың қатысуынсыз келешектегі және баламалы тәсілі, тұрғындар арасында медиация институтын насихаттауға, әлеуметтік және құқықтық дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешуге бағытталған дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: