Екі шетелдік азамат ҚР Мемлекеттік шекарасының тәртібін бұзғаны үшін айыппұл төлейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Зеленов аудандық №2 соты Қазақстан Республикасының белгіленген Мемлекеттік шекарасының тәртібін бұзған Өзбекстан Республикасының екі азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Өзбекстан Республикасынан Ресей Федерациясына өтпек болған, ер адам мен әйел Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен тыс жерден, Мемлекеттік шекара арқылы өту кезінде шекара қызметкерлеріне ұсталған.

Сот белгіленген тәртіпті сақтамай, Мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін Өзбекстан азаматтарын ҚР ӘҚБтК-нің 514 б. 2 б. жауапкершілікке тартып, ер адамға 45 380 теңге көлемде әкімшілік айыппұл, сонымен бірге, әйел адамның асырауында кәмелетке толмаған баласын ескеріп, 31 766 теңге көлемінде қысқартылған айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі