Девианттық мінез-құлықты жасөспірімді қайта тәрбиелеу бойынша алдын алу шарасы және баланың қараусыз қалуын ескерту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  «Зеленов аудандық білім беру бөлімі» ММ-нің арызы бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімді  девиантты мінез құлықты балаларға арналған арнайы білім беру мекемесіне жолдау туралы  азаматтық істі қарады.

Сотқа ұсынылған арызда кәмелетке толмаған жасөспірім оқу орны мен тұрғылықты жері бойынша жағымсыз жағынан мінезделетініне дәлел келтірілген. Күнделікті жүргізілген жеке профилактикалық жұмыстарға қарамастан міндетті орта білім алудан жалтарып, тәрбиелік іс-шараға көнбей, мектеп ұстаздары мен анасының тарапынан берілген ескертулерге  құлақ аспаған. Сот мәжілісінде анасы баласының тәрбиесіне шамасының жетпеуіне  байланысты арызды қанағаттандыруды сұрады.

Жасөспірім өзінің кәмелеттік жасына толмағанына  қарамастан түнгі мезгілде көңіл көтеру орындарында жие болып, өз бетімен ұзақ уақытқа үйден кетуін тыймаған.  Бұл іс-әрекеті үшін заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот мәжілісінде арызда көрсетілген мән-жайлар өз дәлелін тауып, сот арызды қаңағатандыру қажет деп тұжырымдаған тараптардың  пікірін,  прокурордың қорытындысын ескере келе, Балалар құқығы туралы конвенцияны және  «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және бақылаусыз, қараусыз баланы ескерту туралы» Заң талаптарын басшылыққа ала отырып, «Зеленов аудандық білім беру бөлімі»ММ-нің  арызын қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі