Дау пилоттық жоба бойынша медиативтік келісім арқылы реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шыңғырлау аудандық соты кәмелет жасқа толған балаға оқу мерзімінің уақытына алимент өндіру туралы іс қарады.

Істі сот талқылауына дайындау сатысында жекелеген санаттар бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның шеңберінде тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу бойынша хабарлама жолданып,  құқықтары түсіндірілді.

Тараптардан сотқа дейінгі реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізу келісімін қабылдау туралы арыз түсті.

Ауданның кәсіпқой емес медиаторының қатысуымен талап қоюшы мен жауапкер арасында істі сот талқылауына дайындау кезінде  медиациялық келісім жасалды. Келісім бойынша талап қоюшы өз талап арызынан бас тартып, ал жауапкер өз кезегінде  2017 жылдың мамыр айынан бастап, ай сайын 20 000 теңгеден алимент төлеуге міндеттеме алды.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітілді, азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі