Бюджеттік несие бойынша берешек өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі аудандық соты «Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің азаматша бюджеттік несие бойынша берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап арызға сәйкес, 2014 жылдың 12 наурыздағы Қарыз шарты бойынша   жауапкерге, білім беру маманы ретінде ауылдық елді мекенге жұмыс жасауға және тұруға келгені үшін, тұрғын үй сатып алу мақсатында бюджеттік несие берілген. 2016 жылдың 1 мамырға несие бойынша 244 521 теңгені құрайтын берешек пайда болды, сөйтіп жайапкер Т. Қарыз шартының талаптарын орындамайды. Жауапкерден берешек сомасын өндіруді сұрайды.

Жауапкер белгіленген мерзімде сотқа мәлімделген талап арыздың мәні бойынша түсініктемелерді және өз ұстанымы негізделген қарсылықтарды қамтитын құжаттарды ұсынбаған, сондықтан сот тараптарды шақырмай, істі жеңілдетілген с жүргізу тәртібімен қарады.

ҚР АК-нің 272, 277 баптарына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс. Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.

ҚР АК-нің 722 бабының 1 тармағында, заемшы шартта көзделген тәртiппен және мерзiмде заем нысанасын қайтаруға мiндеттi деп, делінген. 

Сот, талап қоюшымен ұсынылған дәлелдемелерін назарға алып, талап арызды толық қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі