БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Н.Қажғанов "Ашық есік күнін" өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында БҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Н.Қажғанов облыстық сот ғимаратында "Ашық есік күнін" өткізді.

Бұл күні  мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, мемлекеттік қызметке түсу шарттары және өту  тәртібін түсіндіру туралы мәселелерімен Орал қаласының тұрғыны А.Кубашева қабылдауда болды.

Соттар әкімшісінің басшысы Н.Қажғанов әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымына үміткерлерді іріктеу және оларды қызметі бойынша жоғарылату мерократия прнициптерімен іске асатынын түсіндірді. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға азаматтарды іріктеудің Заңмен жаңа жүйесі енгізілгені, конкурсқа қатысушыларды үш кезеңмен -тестілеу, жеке қасиеттерін бағалау және жалпы конкурс бойынша іріктеу арқылы жүргізілетінін атап айтты.

Мемлекеттік қызмет принциптерін, Қазақстанның мемлекетік қызметшілерінің мәртебесін және құқықтық ережелерін түсіндірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: