БҚО бойынша соттар Әкімшісі және облыстық мұрағат басқармасы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының міндетін атқарушы Шынар Тұңғатарова және Облыстық құжаттар және мұрағаттар, мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Нұрмақов бірлескен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Тараптар көшірме ғылыми-техникалық құжаттарды, мұрағат құжаттарын және тарихи материалдарды алмасу мүмкіндігін сақтай отырып, бірлескен мұрағат қызметі саласындағы білім беру іс-шараларын ұйымдастыруды алдағы уақытта қолға алды. Сонымен қатар, облыстық соттарда пайда болған қызметіне орай мұрағат істерінің дамуына, жеке немесе ведомствалық мұрғаттарды құру мақсатында жиналыс жасауды, құжаттарды қорғау және уақытша сақтауға, маңызды тарихи, мәдени және саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми мәні бар ынтымақтастықты қолдау туралы келісімге келді.

Меморандум ҚР Ұлттық мұрағат қорының ведомствалық мұрағат құжаттарын сапалы қалыптастыруды қамтамасыз ету және мемлекеттік құжаттарды жинақтауды сақтау облыстық соттардың одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығының негізін қалайды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тегтер: