Бітімгерлік рәсімдерінің қолдануын кеңейту және Республика соттарында енгізіліп жатқан ақпараттық технологиялардың артықшылықтарын талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теректі ауданының №2 соты бітімгерлік рәсімдерінің қолдануын кеңейту бойынша және бірлескен іс-шаралар әзірлеу мақсатында «дөңгелек үстел» өткізді. Шараға Ақжайық селолық округ аппарытының, Теректі ауданының прокуратурасының, «Аналар кеңесі» МЕҰ-ның өкілдері және кәсіби емес медиаторлар қатынасты.

Теректі ауданының  №2 соты төрағасының м.а. Ерлан Усманов қатынасушыларға даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті қолданудың өзекті екенін, аталған жобаға енгізілген өзгерістер мен қосымшалар туралы және оның күші ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылғанын атап өтті. Кәсіби емес медиаторлардың қатысуларымен болған істердің  статистикалық мәліметтерін келтірді.

Сонымен бірге, спикер азаматтық сот өндірісіндегі жаңашылықтар туралы, атап айтқанда электронды сот өндірісінде арыздарды қарау бойынша сот бұйрығын электронды форматта шығару енгізілгенін айтты. Бұдан басқа,  республика соттарының жұмыстарына нақты уақыт режимінде тәулік бойы  бақылайтын біріңғай жүйесі Ахуалды орталығының жұмысына тоқталды, бұдан кейін Е.Усманов соттардағы жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасып жатырғанын және Жоғарғы Сотының басшылығының басымдық бақылауында екенін атап өтті.

Кездесу аяғында қатысушылар қортынды жасап,тиісті ұсынымдар қабылдады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.