Бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Б.Жангирова мен Қаратөбе ауданы әкімі А.Шахаров өзара бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл меморандум «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген мәселелерді айқындайды.

Меморандумның мақсаты сотқа дейінгі дауларды шешу, соттағы татуластыру рәсімдерін жанжақты дамыту мен енгізу мақсатында өзара іс-қимылды нығайту, соттың іс жүргізуінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану және алқа билердің тізімін жасақтау бойынша ынтымақтастықты нығайту болып табылады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақапараттық қамтамасыз ету бөлімі