Батыс Қазақстан облысының соттары өңірдің журналистерін баспасөз, телевидение және радио күнімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық сотының ұжымы қалалық «Уральский репортер» газетінің бас редакторы Сәуле Загидулинаны кәсіби мерекесімен құттықтап, гүл шоқтарын және естелік сыйлық табыс етті.

Сот төрағасы Біржан Мамбетов БАҚ өкілдерінің арқасында облыс халқы сот органдарының қызметі туралы уақтылы ақпарат алып отыратынын атады.

Бөрлі аудандық соты «Панорама Карачаганака» газетінің редакторы Олег Перегудов және «Будни Аксая» газетінің тілшісі Ирина Шуклинаны құттықтады.

Сот төрағасы тығыз және жемісті ынтымақтастыққа аудандық сотының қызметін және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің  модернизациялауын жария еткен үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хаттарды табыстады. БАҚ өкілдерінің қызметі қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін маңызды екенін атап айтты.

Зеленов аудандық №2 соты "Ауыл тынысы" газетінің тілшісі Гүлжан Аязбаевны құттықтап, алғыс хат және естелік сыйлық табыс етті.

Сот төрайымы Ш.Зайнуллина кәсіби мерекелерімен құттықтап: "Бұл мереке өзінің барлық шығармашылық еңбегімен бірыңғай ақпараттық кеңістікті қамтамасыз ететін, жағымды қоғамдық пікір қалыптастыратын әр түрлі мамандық иелерін біріктіреді», - деді. Сот тақырыбындағы мақалаларды газет беттерінде объективті және сапалы жариялағаны үшін алғысын білдірді.

Теректі аудандық соты «Теректі жаңалығы-Теректинская Новь» газетінің бас редакторы Нұрзия Валиоллақызын байланыс және ақпарат қызметкері күнімен құттықтады.

Сот төрағасы Марат Мәліков гүл шоғы мен сый-сыяпатын табыстай отыра, журналистер өздерінің белсенді ұстанымдары, қызықты және маңызды жаңалықтарды көрсету арқылы мемлекетіміздегі бейбітшілік пен татуластықты нығайтуға елеулі үлестерін қосатынын, Қазақстанның өркендеуі үшін Елбасы қойған ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға тікелей қатысатынын атап  өтті.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: