Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы университетте дәріс оқыды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов және  судьялар М.Өтемісұлы ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде "Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде сот жүйесін реформалау" тақырыбында дәріс оқыды.

Шараға студентермен бірге ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы және сонымен бірге, БАҚ өкілдері, барлығы үш жүзден астам адам қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Аметов өткен жыл Қазақстанның сот жүйесінің дамуының жаңа кезеңінің бастауы болып, Ұлт Жоспары іс жүзінде қамтамасыз етіліп, сот жүйесіне қатысты барлық жаңашылдықтар елімізде заңнамалық деңгейде қарқынды жүзеге аса бастағанын хабарлады. Ол өз сөзінде елдің құқықтық алаңында болған түбегейлі өзгерістерге сәйкес, Президенттің мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы тапсырмасына тоқталды. "Ұлт Жоспарының 17-қадамына сәйкес, Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соған сәйкес судья лауазымына үміткерлердің еңбек өтілі мен жасына қойылатын талаптар өзгертілгенін хабарлады. Б.Әметов тыңдаушыларға Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының стратегиялық бағыттары жөнінде айтып, әрбір қазақстандық үшін мақаланың маңыздылығын атап өтті.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру тақырыбына тоқталды. Спикер Президент қол қойған жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі сот істерін қарауды жеңілдететінін атап өтіп, процеске қатысушылардың бәсекелестік қағидатын күшейтудің негізгі жаңа енгізілімдері, жеңілдетілген өндірістің жаңа институтын енгізу және бұйрық өндірісі аясын кеңейтуді қолдану туралы хабарлады. \

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев өз кезегінде, қылмыстық заңнамадағы жаңа енгізілімдер туралы әңгімеледі. Ол құзыретіне қарау, тінту, жеке тінту және алуды санкциялау мәселелері енген, тергеу судьяларының институтын күшейту туралы айтты. Сонымен қатар, оларға қылмыстық теріс қылық және келісімдік өндіріс ұғымы кіреді.

Сонымен қатар, судьялар корпусының спикерлері қатысушыларды республика судьяларының VII съезінде қабылданған жаңа судьялық әдеп кодексімен таныстырып,  судьялыққа үміткерлерді іріктеудің жаңа жүйесі және жұмыс жасап жүрген судьяларға қойылатын талаптардың күшейттілгендігі туралы айтты.

Тыңдаушылар назарына «Сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең» атты деректі фильмі ұсынылды.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: