Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов жұмыс сапарымен облыстың бірқатар аудандарында болып қайтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов жұмыс сапарымен Бөрлі және Зеленов аудандарында болып, аудандық соттардың жаңадан тағайындалған төрағаларын таныстырды.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің ғимаратында өткен кеңесте Б.Әметов аудан активіне ҚР Президентінің 2017 жылғы 14 маусымдағы Жарлығымен тағайындалған Бөрлі аудандық сотының жаңа төрағасы Гамал Құлмұхановты таныстырды.

Шараға аудандық соттың судьялары мен қызметкерлері, Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов, доғарыстағы судья Нұртас Ибрашов, мемлекеттік мекемелердің, прокуратура, АІІБ, адвокаттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Құлмұханов Гамал Марсельұлы 1965 жылы туған.

1999 жылы Е.А.Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Судьялық қызметін 2008 жылы бастап, 2013 жылға дейін Орал қалалық №2 сотының судьясы, 2013-2017 жылдары Сырым аудандық сотының төрағасы қызметін атқарды.

Зеленов ауданының активімен болған кездесуде Б.Әметов бұрын Орал қ. мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметін атқарған, Зеленов аудандық сотының жаңа төрағасы Роза Сариеваны таныстырды.

Кеңеске аудан әкімінің орынбасары, құқық қорғау органдарының және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Кездесу барысында облыстық соттың төрағасы соттардың ақпараттық ашықтығын жақсартып, тұрғындармен және БАҚ-пен қарыс-қатынасты нығайту қажеттігін айтты.

Сариева Роза Есболсынқызы 1963 жылы туған.

1982 жылы Талдықорған заңгерлік техникумын, 1989 жылы Бүкілодақтық сырттай заңгерлік институтын бітірген.

Біраз жылдар Орда және Жаңақала аудандарында нотариус болып жұмыс жасаған. Судьялық қызметті 1997 жылы Теректі аудандық сотының судьясы лауазымынан бастаған. 1998-2003 жылдары Жаңақала аудандық сотының төрағасы, 2003-2008 жылдары Тасқала аудандық сотының төрағасы, 2008-2017 жылдары Орал қ. мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметін атқарды.

Б.Әметов әріптестеріне жауапты орында сот төрелігін сапалы атқаруға, 100 нақты қадам Ұлт Жоспарын және Заң үстемдігін жүзеге асыруға тілектестігін білдірді. Судьялардың судьялық әдеп Кодексін сақтауға және жалпы судьялар корпусының алдына қойылған міндеттерді орындауды тапсырды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Тегтер: