Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов сот төрелігі жүйесінде жаңа электрондық сервистердің қолданысы туралы және қылмыстық процестегі азаматтырдың мүддесін оңтайландыру мәселелері бойынша ОКҚ-де брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласында орталық коммуникациялар қызметінің сұхбат алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін «Республикамыздың сот төрелігі жүйесіне енгізіліп жатырған электронды сот ісін жүргізудің жаңашылдықтары» тақырыбында брифинг өтті.

Іс шараға спикер ретінде Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов, облыстық соттың алқа төрағалары Қайрат Адранов және Ақан Жұмағұлов қатысты.

Спикерлер аудиторияға сот ісін жүргізуге енгізілген және жуық арада іске қосылуы күтілетін электронды сервистың жаңа пилоттық жобаларын таныстырды. Аталған жобалардың сот ісін жүргізудегі алар орны мен  маңыздылығы және қолданудан күтілетін нәтижесі түсіндірілді. Қылмыстық процестегі азаматтырдың мүддесін оңтайландыру, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету, тергеп-тексеру тиімділігін жақсарту және жедел әділ сот атқару мақсатында қылмыстық істер бойынша  сотқа дейін пробация рәсімін қолдану,  сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу мәселелері қозғалды. Облыс соттарымен татуластыру рәсімін  кеңінен қоладынылуы, дауларды сотқа дейінгі реттеу институтын  дамыту және сотқа дейін тергеп-тексеру сатысында және сотта жәбірленуші тарап пен кінәлі тұлғаның арасындағы дауды шешу үшін әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге медиаторларды тарту жөнінде айтылды.

Облыстық сот төрағасы Бек Әметов бүгінгі таңда мемлекетіміздің басты тапсырмаларының бірі электронды үкіметті құру болып табылатындығы,  оны жүзеге асыру аясында сот жүйесі биліктің бір тармағы ретінде электронды құжат айналымын енгізу арқылы электронды сот ісін жүргізуге біртіндеп көшуге бет бұрғандығын мәлімдеді. Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар бұл сот төрелігінің тиімділігін және   сот ісін жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сот қызметіне сенімділігін нығайтқанын тілге тиек етті.

Спикер сот жүйесінің қол жетіміділігі мен барынша ашықтығына қол жеткізуге бұйрық арқылы сот ісін жүргізуге арналған электрондық сервис мүмкіндік тудырып отырғандығына тоқталды. Арызды беру және тіркеу сатысынан бастап заңды күшіне енген сот бұйрығын орындауға жолдауға дейінгі азаматтық істер бойынша  сот бұйрығын шығару туралы арыздың ақпараттық технологияны қолдана отырып жаңа тәртіпте қаралуы қағаз жүзінде сот ісін жүргізуді елеулі түрде қысқартуға, сот жүйесіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Б.Әметов ағымдағы жылдың 17 шілдесінен бастап 1028 сот бұйрығы электронды нысанда қаралып,  бұйрық арқылы іс жүргізу істерінің 100% электронды нысанда қаралуын қамтамасыз етілгендігін мәлімдеді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінен облыс соттарына енгізілуі жоспарланып отырған «Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасысы  және аталған жобасымен қоса қылмыстық заңнаманың талабы негізінде жасалған қылмысқа және сотталушының жеке басының қасиеттеріне сәйкес жазаны дұрыс тағайындауға  бағдарлануына мүмкіндік беретін «Жазаны тағайындау» аналитикалық пилоттық сервисі таныстырылды. Жаңашылдықтар қағаз жүзіндегі құжат айналымын қысқартып, қылмыстық іс жүргізудің ашықтығын арттырады.

Спикерлер Жоғарғы Сотпен жүзеге асырылып жатқан пилоттық жоба аясында Ақпарат және коммуникациялар Министрлігімен және Мемлекеттік корпорациясымен бірлескен іс-қимылы нәтижесінде электронды сот ісін дамыту және сот төрелігіне қол жетімділікті арттыру   мақсатында облыстың  екі сотында - Орал қаласының №2 соты және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ХҚК мамандарымен азаматтарға электронды санды қолтаңба берілуін іске асыратын және сот органдарының электрондық сервисіне қол жеткізу үшін мемлекеттік қызметті көрсететін  мобильді ХҚКО бөлімшесі ашылғандығын хабардар етті. Сот тарапынан «Сот кабинеті» арқылы электронды арыздарды жолдау және сервисте жұмыс істеумен байланысты өзге де мәселелер бойынша қажетті көмек көрсетілетінің назарға жеткізді. Батыс Қазақстан облысы соттарына «Сот кабинеті» сервисі іске қосылғалы бері 2 200 106 арыз келіп түскендігі және қолданушылар соттардың электронды сот төрелігіне қолжетімділіктің артуын оң бағалағандығы айтылды.

Спикерлер басты баяндаманы аяқтаған соң БАҚ өкілдерінің сұрақтарына, оның ішінде облыс соттарының іс жүргізуінде жатқан қоғамдық серпіліс тудыратын істер бойынша жауап берді. 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі