Банктік және коммуналдық қарыздар туралы істерді қарау барысында медиацияны қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаратөбе аудандық соты  «Банктерге  қарыз және коммуналдық қызмет түрлеріне төлем жөнінде туындайтын дауларды  қарау барысында медиация рәсімдерін қолдану тақырыбында»  дөңгелек үстел  өткізді.     

Шараға аудандық соттың судьялары, «Евразиялық банк» АҚ, «Хоум Кредит банк» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «Батыс энергоресурсы» ЖШС филиалдарының және БАҚ-тың өкілдері қатысты.  

Шара барысында банктерге қарыз  және коммуналдық қызметке төлем ақы жөнінде туындайтын дауларды  қарау барысында медиация рәсімдерін қолдану туралы дауларды қарауда медиация рәсімдерін қолданудағы сот тәжірибесі  тақырыбындағы мәселені талқылады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жалпы республика бойынша медиация рәсімдерінің тәжірибеде кең қолданып жатқанын атап өтті. Медиация  рәсімдерін қолдану арқылы қарыздарды өндіру туралы дауларды сотқа дейін тәртіпте татуластыру жолымен шешуге деген ниеттерін жеткізді.

Қатысушылар алдағы уақытта аталған мәселе бойынша бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендерін айтып, «дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша қойған міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ұйғарымдар шығарды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі