Балалар құқығы және ата-аналардың оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БҚО Зеленов аудандық №2 соты кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамаған аудан тұрғынынан қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, кәмелетке толмаған қыздың анасы  оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамай, баланың туу туралы куәлігі мен ЖСН болмай, қалыпты өмір сүруіне жағдай жасамаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі