«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:

С-О-2 санаты бойынша: Жоғары білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;* жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.*

С-О-4 санаты бойынша: Жоғары білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;* жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.* 

С-О-5 санаты бойынша: Жоғары білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;* жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.*

С-R-4 санаты бойынша: Жоғары білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;* жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.*

* Ескерту: Осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:

Санаты

Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы

min

max

С-О-2

163 233

220 698

С-О-4

109 932

148 242

С-О-5

83 282

112 431

С-О-6

74 954

101 604

С-R-4

73 288

99 106

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің /Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппаратының/ Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ, индекс 090006, Орал қаласы, Достық даңғылы, 204 үй, анықтама үшін телефон 8(7112) 55-47-63, эл.пошта:711-0201@sud.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.  

Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі:

1. Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсе меңгерушісі лауазымына,  С-О-2 санатына, 1  бірлік.

Функционалдық міндеттері: Берілген құқықтар шегiнде және қызметтік мiндеттерiне сәйкес бөлімдерді жалпы басқару, облыстық сот  кеңсесінің  жұмысын  ұйымдастыру және басшылық жасау; арыздарды, шағымдарды, талап арыздарды, азаматтардың өтініштерін қабылдауды, автоматты түрде бөлу жұмыстарын ұйымдастыру; азаматтардың және т.б. өтініштер бойынша ақпараттық есептік құжаттардың жүргізілуін, статистикалық есептердің дұрыс және уақытылы жасалуына бақылауды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласындағы жоғарғы білім; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. 

2. Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы лауазымына, С-О-4 санатына, 1  бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлімді жалпы басқару, ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын қамтамасыз ету,  ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және сүйемелдеу; компьютерлік және ұйымдық техникаларды техникалық және жүйелік қызмет атқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін ұйымдастыру; ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету және қорғау мәселелері мәселелері бойынша облыс соттармен, басқада мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасап, соттарға консультациялық және техникалық көмек көрсету Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі мен пайдаланылуын қамтамасыз ету, бағдарламаларды сүйемелдеу және техникалық қызмет көрсету, ғаламтор желісін және IP VPN каналдарының жұмысын қадағалау; МОКО-мен (мемлекеттік органдардың қызмет көрсету орталығы) ЭЦҚ (электронды-цифрлық қолтаңба) жұмыстары, үн-бейне, үн жазбаларының жұмыстарын бақылау және сүйемелдеу; бейнеконференцбайланыс жүйесі жұмысын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық/заңгер/, техникалық ғылымдар және технология/ақпараттық жүйе, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету/ салаларындағы жоғарғы білім; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

3. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы лауазымына, С-О-5 санатына, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Апелляциялық сатыда қаралған істер мен материалдар бойынша хаттама жүргізу, «Төрелік» ақпараттық жүйесіне уақытында және дұрыс енгізу; сотқа қатысушыларға хабарландырулар мен шақыртуларды жіберу; сот отырыстарында жазба және бейне жазба құрылғыларын қолдану;   апелляциялық сот алқасында қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық есеп  жүргізу; қаралған істер мен материалдарды аудандық соттарға уақытында жолдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық, білім салаларындағы жоғарғы білім; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:

4. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің бас маманы лауазымына, С-R-4 санатына.

Функционалдық міндеттері: хат-хабарларды қабылдауды,  тіркеуді  және жөнелтуді қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу мен есепке алуды жүзеге асыру, статистикалық есепті қалыптастыру; Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесінде сот істері мен материалдарына есептік-тіркеу карточкаларының барлық деректемелерін уақытында толтыру;  сот қаулыларының  мерзімінде орындалуына  бақылау жасау; соттың ведомстволық мұрағатының жұмысын ұйымдастыру, істердің, құжаттардың сақталауын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық, білім салаларындағы жоғарғы білім; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

5. Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы лауазымына, С-R-4 санатына, 2 бірлік: Бөрлі аудандық соты кеңсесіне (негізгі қызметшінің бала күтуге арналған демалыста болу мерзіміне); Зеленов аудандық соты кеңсесіне.

Функционалдық міндеттері: қарауға тағайындалған істер бойынша жұмыстар атқару; сотқа шақыру; құжаттарды жазып дайындау; қосымша іске қатысты түскен құжаттардың есебін жүргізу; сот мәжілісінің хаттамасын дайындау; шағымдарды қабылдау; іске қатысқан тараптардың өтініші бойынша құжаттармен таныстыру; тігілген істердің тізімдемесін толтыру; ілеспе хаттарды дайындау; үкім және шешім көшірмелерін іске қатысқан тараптарға жолдау; атқару парағын жазу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе білім салаларындағы жоғары білім; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

уәкілетті органмен бекітілген нысандағы өтініш, тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Құжаттар қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылып конкурстық комиссияның қарауына қабылданады (құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей ұсынылады).

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады және мемлекеттік органның басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылармен байқаушылар  шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақапараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тегтер: