Азаматтық іс сот медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Казталов аудандық соты моральдық  залалды өндіру туралы азаматтық істі медиация рәсімін қолданып қысқартты.

ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінің  179  бабы  4  тармағына  сәйкес,  медиациялық  келісім  іс өндірісіндегі жатқан судья өткізуі мүмкін.

Сот келісімді зерделеп, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі заңға қайшы келмейтінін немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын, нысаны мен мазмұны «Медиация   туралы»  Заңға сәйкес келетінін ескерді.

Сот  отырысы барысында тараптарға дауларды медиация тәртібімен реттеу рәсімінің бекіту салдары, «Медиация   туралы»  Заңының  27  бабы  және    ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінің  277, 278  баптарымен көзделген іс бойынша тоқтадудың негіздері түсіндірілді.

Соттың ұйғарымы заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.