Азаматтық-құқықтық тақырып бойынша семинар-тренинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алақасының төрағасы Б.Бегалиевтің төрағалығымен  облыстық сотта апта сайынғы азаматтық-құқықтық тақырыптағы семинар-тренинг болды.

Жиналғандар алдында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 07 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын түсіндіру бойынша облыстық соттың судьясы В.Булавцева баяндады.

«Мүлікке ие болу құқығы туралы істер бойынша туындайтын мәселелер жөнінде ҚР Жоғарғы Сотына жолдау үшін сұрақтар дайындау» тақырыбында облыстық соттың судьясы Т.С.Оразова баяндама жасады.

Облыстық соттың судьясы А.А.Ювакаева «Атқару іс жүргізу мәселесі туралы істерді қарау сот тәжірибесі бойынша ҚР Жоғарғы Сотының қорытуы» тақырыбында сөз сөйледі.

Семинар барысында сонымен қатар, мүлікті тыйымнан босату туралы істерді қарау сот тәжірибесі, ҚР соттарының сот актілерін ресімдеу жөніндегі 2010 жылғы Әдістемелік ұсынымдары, бөлек санаттағы істер бойынша сот актілерінің үлгілері талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі