Аудандық сотқа тәжірибелік көмек көрсетілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Темірниязова және облыстық соттың талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Ф.Жумагалиева жаңа «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы сот ісін жүргізуді ұйымдастыру барысына тәжірибелік көмек көрсету  мақсатында Сырым аудандық сотында болып, сот ұжымымен жедел жиын өткізді.

Кеңес  барысында қатысушылар соттардың қызметін ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Күн тәртібінде сот кеңсесінің жоспарланған іс-шараларды  уақтылы және сапалы орындауы, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындау мерзімдерін сақтау және сот актілерін «Төрелік» АЖ-не уақытылы салу мұрағаттағы істердің сақталу мерзімі туралы мәселелер қаралды.

Сот  қызметкерлері өзара тәжірибе алмасып, қиындық туғызатын мәселелерді ортаға салып  өз пікірлерімен бөлісті.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі