Аудандық сот 300 мың теңгеден астам салық берешектерін мемлекет кірісіне өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сәйкес заңмен белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы, әрі міндеті болып табылады.

БҚО Зеленов ауданының №2 аудандық соты жыл басынан бастап «Зеленов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің пайдасына борышкерлерден көлік құралы салығы бойынша берешектерін өндіру туралы 15 азаматтық іс қарады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы борышкерлерге салық заңнамасын бұзуды жою туралы ескертулер жібергенімен, алайда осы уақытқа дейін берешектер өндірілмеуіне байланысты ҚР АПК-нің 135 б. талабына сәйкес, борышкерлерге қатысты сот бұйрығын шығару туралы арызымен сотқа жүгінген.

ҚР АПК-нің 135-бабының 5-тармағының талабына сәйкес жеке тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні және өсімпұлдарды, сондай-ақ кеден төлемдері, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы;туралы талаптар бойынша шығарылады.

Сот заң нормасын қолданып, 15 борышкерден мемлекет пайдасына көлік құралы салығы бойынша жалпы 330 122 тенге өндіру туралы сот бұйрықтарын шығарды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі