Алқабилердің қатысуымен үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен А.Хватов пен А.Калашниковқа қатысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған аса қатыгездікпен адам өлтіру бойынша істің үкімін жариялады.

Бұрын алқабилер үкімі негізінде шығарылған ақтау үкімі бұзылған.

Орал қаласында 2016 жылдың 22 тамыз күні шамамен сағат 23.00-де Калашников өзінің өгей әкесі Хватовпен ішімдік іше отыра Б.Имановты жолықтырады. Хватов Имановпен жеке жағымсыз қатынаста болуына байланысты, әрмен шақырып алып, әйнек шөлмекпен басынан ұрған. Кейін соққы алған  Иманов қашып кеткен. Біраздан соң Хватов пен Калашников ауласында Иманов ұйқтап жатқан үйге келіп, кіріп Имановты соққыға жығып, кейін оны қораға кіргізіп, тірілей өртеп жіберіп оқиға орнынан бой тасалаған.

Алқабилер үкімі негізінде соттың үкімімен А.Хватов кінәлі деп таңылып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіз мекемесі белгіленді.

А.Калашниковқа ҚР ҚК-нің 60-бабының негізінде үкімдердің жиынтығы бойынша, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі белгіленіп түпкілікті 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі.
Тегтер: