Алимент өндіріп алу туралы дау медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеленов аудандық №2 соты жұбайын асырауға алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен шешті.

Сот талқылауы барысында анықталғандай, талапкер жауапкермен заңды некеде тіркелген,  осы некеден ортақ баласы бар. Алайда, күйеуі оған және балаға ешқандай материалдық көмек көрсетпейді.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" еңбек Кодексінің 147-тармағында, ерлі-зайыптылар бір-бірін материалды қолдауға және бас тартқан жағдайда, мұндай қолдау мен келісім болмаған жағдайда, ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы, жұбайының жүктілігі кезеңінде және үш жыл ішінде ортақ баласы туған күннен бастап, ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы талап етуге құқығы бар.

Сот отырысында, тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігі түсіндіріліп, тараптар Дариян ауылдық округі тізілімінде тұрған медиаторға жүгінді.

Медиатор рәсімінің нәтижесінде тараптар татуласып, олардың арасындағы дау ретке келтірілді, талапкер өз талабынан бас тартып, ал жауапкер өз кезегінде үш жасқа толғанға дейін баласына алимент төлеуге және жұбайына ай сайын 15 АЕК мөлшерінде банк шотына ақша аударуға міндеттенді.

Сот, ұсынылған келісім туралы дауды медиация тәртібімен реттеуді зерделеп, ҚР АІЖК-нің 277, 278 б. басшылыққа ала отырып, сондай-ақ ҚР "Медиация туралы" Заңының 27-бабында, азаматтық іс бойынша өндірісті тоқтату туралы ұйғарымды шығарды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі