Алғыс хаттармен марапталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөкей ордасы аудандық сотының ұсынысымен Бөкей ордасы ауданы әкімімен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерекесіне орай ҚР «Медиация туралы» Заңының кеңінен қолданылуын қамтамасыз етіп,азаматтардың арасындағы көптеген даулы мәселелердің бітімгершілікпен шешілуіне белсенді қатысқаны үшін Бөкей ордасы Сайқын ауыл округі бойынша медиатор Муханова Гюльнара Бахытовна, сонымен   қатар сот отырыстарында аудармашы ретінде қатысып, белсенділік  танытқаны үшін Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің мектептен тыс тәрбие беру орталығының әдіскері Кулекеева Асемгуль Муратовна және сот мамандары Аманов Асхат Махамбетұлы, Жандос Қанатұлы, Ману Бауыржан Ерікұлы салтанатты түрде алғыс хаттармен марапталды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі