АІІБ қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөкей ордасы аудандық соты ғимаратында ақпаратттық технологияларды кеңінен қолдану мақсатында Бөкей ордасы АІІб қызметкелерінің қатынасуымен «Сот кабинеті арқылы әкімшілік істерді жіберу» туралы семинар сабағы оздырылды.

Кеңсе меңгерушісі З.Зайнуллина қоғамдағы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен оған сұраныстың артуына байланысты бүгінгі таңда заманауи ақпараттық технологияларды сот жүйесінде қолдануға зор мән беріліп отырғанын, оларды кеңінен енгізу қағаз құжат айналымын қысқартатынын, сотқа жүгіну механизмін жеңілдететінін, талапты қабылдау сатысында және сот ісін жүргізу процедураларын жеделтетіндігін айтып өтті. Сонымен қатар, сотқа барлық әкімшілік істерді электронды түрде жіберу керектігін және де іс материалдарына тіркелген барлық құжаттарды толық салынуы керектігін айтып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын берді.

Жергілікті полиция басшысы Е.Журалиев өз сөзінде қойылып отырған талапты толықтай орындауға мүмкіндік бар екендігін айтып, сол себепті уақытылы барлық әкімшілік іс «Сот кабинеті арқылы» тиісті түрде жалғанған құжаттарымен жолданатынын білдірді.

 

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі