Адамгершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың басынан Теректі аудандық сотында пробациялық қызметінің қадағалауындағы сотталған тұлғаларға қатысты ҚР «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолдану туралы 20-дан астам өтініші қаралды.

Республика Тәуілсіздігінің 25 жыл құрметіне 2016 жылдың 13-ші желтоқсанында Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына қол қойылды.

Рақымшылық жасау адамгершілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар, ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған адамдар, кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдар, I, ІІ және IIІ топтардағы мүгедектер, елу жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, әскери және (немесе) интернационалдық борышын орындау кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесiрлерi, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлгендер болып табылатын әйелдерге жүргізіледі.

Сотталған тұлғалар онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан шектеу жазаларына сотталғандықтан, сот, пробация қызметінің өтініштерін қанағаттандырып, бас бостандығынан шектеуге сотталған тұлғаларды жазаларынан босатты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі