Оқу орталығы туралы ереже

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Батыс Қазақстан облыстық сотының өңірлік Оқу орталығы туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

Батыс Қазақстан облыстық сотының өңірлік Оқу орталығы  (осыдан әрі қарай-оқу орталығы) Батыс Қазақстан облыстық сотының  біліктілік органы деп саналады.

Оқу орталығы Батыс Қазақстан облысының судьяларының біліктіліктерін үздіксіз  жоғарлату, сот төрелігін атқару сапасын көтеру және іс жүргізу мәдиенетін нығайту мақсатында құралған.

  1. Оқу орталығының  міндеттері мен функциялары
  • сот төрелігін атқару сапасын көтеруіне және іс өнім қызметін  ұйымдастыруына  жағдай туғызу.
  • сот жүйесінің жетілдіру құқықтық реформасына қолдау көрсету;
  • заң ғылымы білімі және тәжірибе байланыстарын нығайтуын қолдау.
  • Судьялардың оқуына  қажеттілігін зерттеу, оқу тәсілдері мен нысандарын анықтау
  • Құқықтық тәжірибенің актуалдық проблемаларын анықтап, құқ нормаларын бір қалыпты пайдалануын қалыптастыру;
  • Судьяларға құқықты  жанжақты тарауда оқу сабақтарын ұйымдастыру;
  • Облыс судьяларын республикалық, облыстық, және  өңірлік оқу бағдарламалары бойынша  қатысуларын ұйымдастыру.

Оқу орталығының негізгі функциялары:

-судьялар және кеңсе қызметкерлерінің оқуын  ұйымдастыру;

  • қолданыстағы заңнаманың  қолдануының  актуалдық проблемаларын анықтау және талдау,  сот тәжірибесін бірыңғай қалыптастыру, судьялардың оқуына  қажеттілігін зерттеу, оқу тәсілдері мен нысандарын анықтау

-  судьялардың оқуға қажеттілігіне қарай республикалық, облыстық, және  өңірлік оқу бағдарламалары бойынша  қатысуларын қамтамасыз ету;

-судьялардың және судья лауазымына кандидаттардың стажировкадан өтулерін ұйымдастыру;

-судья және ментор және тәлімгер қызметін ұйымдастыруына методикалық қолдау көрсету;

-оқу материалдарын және құжаттарын жинақтау,  сақтау, және  тиісті пайдалану;

-судьяларға методикалық  көмек  беру;

-Қазақстан Республикасының сот жүйесін зерттеу Орталығымен және базалық сотпен әрекеттестік жасау;

-біліктікті арттыру бағытта басқада іс қимылдар жасау.

Оқу орталығының оқу бағдарламасы Батыс Қазақстан облысының барлық судьяларына есептелген.

Сонымен қатар, ерекше  назар:

-сот тәжірибесі  аз судьяларға ;

-сот төрелігін атқару барысында қателік жіберіп заңнаманы қолдануына қиналатын судьяларға арналған.

Өз әрекетінде оқу орталығы:

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңы;

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сот Төрағасының         25 тамыз 2004жылғы №159 өкімімен бекітілген базалық соттарды құру және  қызметке кірісу  ұсыныстары;

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сот Төрағасының         7 наурыз 2006 жылғы №58 өкімімен бекітілген облыстық және оларға теңестірілген соттардың  оқу бағдарламаларының координаторлары туралы  ережелер;

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сот Төрағасының         29 сентября  2006 жылғы №199 өкімімен бекітілген облыстық аудандық  және  оларға теңестірілген соттардың судьяларын мамандандыру туралы  методикалық ұсыныстар;

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сот Төрағасының         18 қазан 2006 жылғы №217 өкімімен бекітілген облыстық, аудандық  және  оларға теңестірілген соттардың судьялары  жоғарғы сатыдағы соттарда тәжірибеден өту ережелері;

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сот Төрағасының         28 қараша 2006 жылғы №253 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының сот жүйесін зерттеу Орталығы туралы  ережелері;

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сот Төрағасының         29 наурыз 2007 жылғы №73 өкімімен бекітілген тәлімгер қызметі туралы ережелері,

Және басқа құқықтық-нормативтік актілерін басшылыққа алады.

  1. Өнірлік  оқу орталығын ұйымдастыру

Оқу орталығы Батыс Қазақстан облыстық сот Төрағасының өкімімен құрылған.

         Судьялардың біліктілігін арттыру  қызметі  келесі  негізгі  секциялармен өткізіледі:

         -азаматтық құқық және іс жүргізу;

         -қылмыстық  құқық және іс жүргізу;

         -әкімшілік құқық және іс жүргізу.

         Қажеттілігіне қарай  кеңсе мамандарын оқыту секциялары  құрылуы мүмкін.

Оқу орталығының  қызметін – оқу орталығының басшысы-оқу бағдарламасының координаторы жалпы  басқарады.     

Оқу орталығының басшысы Оқу орталығының қызметін ұйымдастырады.

-соттардың тәжірибесі және судьялардың оқулық қажеттілігіне қарай облыстық сот  алқа төрағаларының келісімімен лекция, семинарлар,  практикалық сабақтар тақырыбтарын жетілдіреді;

-облыстық сот төрағасының келісіміне оқу орталығының жоспарын ұсынады;

-ҚР Жоғарғы Соты және облыстық сотында тағылымдамадан өтетін судьялардың  кандидатураларын ұсынады;

-облыстық сот төрағасына  оқу орталығының  істеген қызметтері туралы жартыжылда ақпарат, ал жылда  есеп береді.

-облыстық сот төрағасына оқу процесін дамыту туралы ұсыныс келтіреді;

Кеңсе мамандарына оқу сабақтарын өткізетін оқу орталығының мүшесі- модератор осы бағытта қызмет жасайды.

         4.Оқу процессін ұйымдастыру

Оқу процессін ұйымдастыру қызметі циклдерге бөлінген оқу –тематикакалық жоспарға сәйкес өткізіледі. Жоспарда істердін бөлек категорияларының  қарау ерекшілігі, іс жүргізу құжаттарын толтыру, заңнаманың өзгертулері, қажет болса халықаралық  құқық анализі мен құқық теориялары ескертіледі.

Оқу процессі келесі бағытта орындалады:

-сабақтар (лекция, семинар т.б)

-жеке оқыту

-тағыламдамадан өтуді ұйымдастыру;

-ментор және  тәлімгер қызметтеріне  ықтимал жасау;

- оқу формаларының басқа түрлері.

Облыстық сот  судьялары лектор болып  сабақтар  өткізіледі.

Оқу процессіне  нақты мамандандырылған тәжірибесі  жеткілікті  аудандық және оған теңестірілген судьялар,  жоғары білім беру  оқу мекемелерінің мүғалімдері, басқа саласындағы құқ мамандары  қатысады.

Оқу орталығы  құзыретіне сәйкес  базалық және  аудандық соттарға  орындау үшін тапсырыс бере алады.

 Жеке оқу арнайы құралған жеке жоспарға және  тәлімгер туралы ережеге   сай өткізіледі.

                   5.Судьялардың тәжірибеден өтуі.

Судьялар  облыстық сотта төрағаның бекіткен жеке бағдарлама бойынша, облыстық сот судьялар арасынан тағайындалған тағылымдамадан  өту басшысының қарауында, оқу бағдарламасының қоординаторы құрған, облыстық сот апелляциялық алқа төрағаларының келісімімен  төрағаның бекіткен тағылымдамадан өту кестесіне және тағылымдамадан өту туралы Ережеге сай өтеді.

Сот төрағаларының, судьялардың  және сот қызметткерлерінің  келу келмеуі  сот Администраторына жүктелген.

Облыстық сот төрағасына, Жоғарғы Сотқа,  ҚР Президентінің  жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Сот төрелігі Институтына-  оқу орталығының координаторы  облыстық сот судьяларының  оқу қажеттілігі туралы тиісті бағдарлама құрастыру үшін  мәлімет  ұсынады.  

Оқу орталығының, базалық сотының соттардың өткізген оқу сабақтары туралы  материалдар 5 күн ішінде судьяларды таныстыру және қызметте пайдалану үшін оқу орталығына жолданады.

 Оқу орталығы қажеттілігіне орай  материалдарды брошюралар,  есеп, ақпараттық хаттар ретінде  рәсімдейді.

         6.Оқу орталығының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

Оқу орталығының қызметін  оқу орталығының басшысы- оқу бағдарламаларының координаторы жалпы басқарады.

Кеңсе мамандарың оқыту қызметін  кеңсе басшысы жалпы басқарады.

Оқу орталығының  техникалық қызметін сот кеңсесі қамтамасыз етеді.

Оқу бағдарламасының координаторының қызметін нығайту мақсатында кеңсе мамндарының арасынан бір маман көмек  көрсету үшін бөлінеді.

Оқу бағдарламасының координаторы сот этикасының комиссия,  тәртіптік коллегия, басқа облыстық сот комиссияларының мүшесі болып   және басқа  қоғамдық жұмыстарға  тартылмауы қажет.

         7.Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі.

Оқу орталығын  Батыс-Қазақстан облысының соттар әкімшілігі  материалдық техникалық  жағынан  қамтамасыз етеді.

Облыстық және оған теңестірілген  сотының төрағасы оқу орталығының  басшысының,  мұғалімдердің  қызметтерін және  үздік тәлімгер, үздік ментор, үздік тәлімгердің басшысы, үздік маман т.б  түрлі конкурстардың нәтижесінде   ынталандыру мақсатында (премия беру, алғыс жасау және т.б) шаралар қолданады.