Мырзакәрім Рустем Мырзакәрімұлы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мырзакәрім Рустем Мырзакәрімұлы 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келді.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірді.

2002 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің құқықтану магистрі дәрежесін алды.

1998-1999 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының жанындағы ҚСжАО бөлімі прокурорының міндетін атқарушы.

1999-2000 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі.

2000-2001 жылдары Алматы қаласының Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі.

2001-2002 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының қадағалау басқармасының прокуроры.

2002-2003 жылдары Алматы қаласы Прокуратурасының прокурорының аға көмекшісі.

2003-2004 жылдары - Алматы қаласы бойынша Соттар Әкімшісінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы.

2005-2007 жылдары Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.

2007-2010 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы.

2010-2012 жылдары ҚР Әскери сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы.

2012-2013жылдары Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.

2013-2015 жылдары Алматы қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.

2015-27.02.2020 жылдары Жамбыл облыстық сотының төрағасы.

27.02 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін -Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 27.02.2020 жылғы №276 Жарлығымен Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.