Хабарлама

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Судьялыққа үміткерлерге көзқарастарыңызды білдіріңіз

Батыс Қазақстан облыстық соты соттардың беделін арттыру, олардың қызметіндегі жариялылықты, ашықтық пен демократиялық бастауларды кеңейте түсу жөніндегі шараларды жүзеге асыра отырып, аудандық сот төрағасы мен судьясы лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткердің іскерлік, кәсіби, жеке және моральдық қасиеттерін терең зерттеудің қажеттілігін ескере отырып, судьяларға мемлекеттік талапты күшейту, олардың кәсіби біліктілігі, отаншылдығы, тәртібі, моральдық және адамгершілік бет – бейнесі жөніндегі ұстанымдарды орындау мақсатында үміткерлердің тізімдерін жариялай отырып, жұртшылықтан аталған үміткерлердің әрқайысы жөніндегі көзқарастарын, ұсыныс – тілектері мен сын-ескертпелерін күтеді.

  1. Абилкаримова Альбина Тельманқызы, 01.01.1976 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотының судьясы;
  2. Адушева Венера Шадиярқызы, 22.12.1971 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының №2 сотының судьясы;
  3. Байғабылов Қасымхан Мәулетжанұлы, 12.03.1984 жылы Шығыс-Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі; 
  4. Бақтығұлов Меңдығали Жүсіпбергенұлы, 24.01.1981 жылы  Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық соты кеңсесінің бас маманы-сот отырысының хатшысы;
  5. Биссалиева Асиля Орынғалиқызы, 01.04.1984 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 соты кеңсесінің бас маманы- сот отырысының хатшысы;
  6. Давлетова Алтынай Абубакировна, 26.08.1976 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы;
  7. Ерғалиева Алия Төлеуғалиқызы, 22.02.1984 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әкімшілік-қаржы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
  8. Ермаханов Бақыт Аманбайұлы, 22.11.1982 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы;
  9. Жангирова Бахитгуль Шабайқызы, 15.03.1965 жылы Батыс Қазақстан облысындадүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Каратөбе аудандық сотының төрағасы;
  10. Журабаев Бахтиёр Шадыкулович, 26.05.1985 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы;
  11. Исмайлов Асқар Курбантаевич, 07.09.1981 жылы Оңтүстік Қазахстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы  Орал қалалық сотының судьясы;
  12. Құрмашев Мағауия Амантайұлы, 01.06.1968 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы;
  13. Маженова Асель Ерсенқызы, 06.03.1979 жылы Карағанды облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық сотының судьясы;
  14. Миралиев Олжас Қуандықұлы, 06.06.1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық сотының судьясы;
  15. Ниязов Таймас Кеңесұлы, 26.01.1979 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық сотының судьясы;
  16. Рахметова Жанаргүл Жұмаситқызы, 30.03.1984 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 соты кеңсесінің бас маманы – сот отырысының хатшысы;
  17. Сейдахметова Нәйлә Қасқырбайқызы, 29.10.1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы;
  18. Сидорова Александра Николаевна, 20.03.1976 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының №2 сотының судьясы;
  19. Сматов Исатай Маратұлы, 12.07.1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;
  20. Танкиева Нұргүл Қадырғалиқызы, 14.11.1981 жылы Атырау Облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы;
  21. Хайрбеков Райбек Серікқалиұлы, 30.01.1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге  келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық сотының төрағасы;
  22. Шүкіров Мереке Өтепқалиұлы, 01.05.1976 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық сотының судьясы. 
  23. Нургалиев Алибек Муратович 18.09.1980 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотының судьясы.
  24. Насырова Жанара Талгатовна,  05.05.1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотының судьясы.

Ұсыныс – тілектеріңізді Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев  даңғылы, 204 мекен – жайында орналасқан Батыс Қазақстан облыстық соты ғимаратының бірінші қабатындағы өтініш жәшігіне салуларыңызға немесе 55-47-63 телефонына хабарласуыңызға болады.

Пікіріңіздің беймәлімділігі мен дербестігіне кепілдік беріледі.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             11.11.2019 ж.